Сіз де өз үлесіңізді қосыңыз! Избранное

Пятница, 12 Апрель 2024 04:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 275 раз

Су тасқыны орын алған өңірлерге Шымкенттен гуманитарлық көмек лек-легімен жіберілуде. Ол үшін қалада арнайы қабылдау пункттері ашылып, халықтан келіп түскен қажетті заттар мен азық-түліктер жинақталып жатыр. Орталықтағы қабылдау пункттерінің бірі – Жастар ресурстық орталығы.

BoleN-2

 

– Елімізде төтенше жағдай орын алғалы бері біздің орталық волонтерлік фронт-офис ретінде күнделікті жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда 500-ге жуық ерікті атсалысып жатыр. Қала тұрғындары, кәсіпкерлер, оқу орындары, тіпті оқушыларға дейін көмек қолын созып, барын әкеліп өткізіп жатыр. Біз заттарды күнделікті сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін қабылдап, сұрыптап жатырмыз. Қабылдау пунктіне Шымкент жоғары педагогикалық колледжінің студенттері азық-түліктен бөлек, 100 көрпе, жастық, көрпеше әкеліп өткізді. Өзге оқу орындары да өз үлесін қосады деп сенеміз.

BoleN-1


Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін көмек керуенімен Ақтөбе облысына барып, халықтың аманатын жеткіздік. Онда эвакуациялық пункттердегі тұрғындардың жағдайымен таныстық. Қазіргі таңда Ақтөбе облысында жағдай тұрақталған, – дейді «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Қайыржан Бөгенбай.
Айта кетейік, Жастар ресурстық орталығында қажетті заттарды қабылдау 12 сәуірге дейін жалғасады. Көмек керуені сенбі күні жолға шықпақ.

Гүлнұр СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.