NEW WEVE экологияны қорғаушы еріктілер ұйымы ұйымдастырған марафон «Сәлем» әлеуметтік қалашығынан бастау алған болатын. Еріктілер қалашық маңына жеміс ағаштарын отырғызды. Оның ішінде 20 түп алма, 20 түп шие, 10 түп алмұрт көшеті бар.
– Бірігіп атқарылған жұмыс – жеңіл. Келешекте жасөркендер осы еңбектің жемісін жейді. Біз қаланың барлық жастарын табиғатты қорғауға, тазалықты сақтап, сол арқылы отанымызды аялауға шақырамыз, - дейді еріктілер ұйымының мүшесі Яна Денисовна.
Айта кетейік, NEW WEVE қоршаған ортаны қорғау клубы болып 2019 жылы құрылған. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары құрған ұйымда 3000-нан аса мүшесі бар. Еліміздің 18 өңірінде жұмыс істейтін ұйым эко-сенбіліктер мен экологияны сақтауға бағытталған көптеген игі істің басы-қасынан табылып жүр.
Салтанат ЖАМАЛДИНОВА