СОЛТҮСТІККЕ 33 ТОННА КӨМЕК КЕТТІ Избранное

Среда, 17 Апрель 2024 05:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 317 раз

Су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан өңіріне Шымкенттен төртінші рет 33 тонна болатын гуманитарлық көмек жөнелтілді. Бұған дейін Шымкент қалалық ҚХА-ның үйлестіруімен 60 тонна жүк, құны 40 млн. теңгеден асатын гуманитарлық көмек Атырау және Батыс Қазақстан облысына үш лекпен жөнелтілген болатын.

Komek

 

Шымкент қалалық ҚХА мен Шымкент қаласы іскер әйелдер қауымдастығы және еріктілердің атсалысуымен тұрмыстық заттар мен азық-түліктер жиналды.
– Бұл жолы жергілікті Ассамблея белсенділері эвакуациялық пункттердегі адамдарға үрмелі қайық, су сорғы, резіңке етік, ұзын резіңке етік, құтқарушы жилеткасы, фонарь, күрек, қолғап, шланга сынды заттарды арнайы тізім бойынша жөнелтудеміз. Бұл біздің ерікті түрде жасап жатқан көмегіміз. Бұған дейін азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар, қаржылай қолдау көрсеткен болатынбыз. Алдағы уақытта ел болып осы сыннан бірлікпен өтетінімізге сенеміз, – дейді Түркістан және Шымкент Жанар май құю станциялары ұжымының басшысы Мырзашүкіров Пердебай.
Елімізде болып жатқан соңғы төтенше оқиғаларға байланысты барлық өңірлерде «Жүректен жүрекке», «Күшіміз бірлікте» деген ұранмен гуманитарлық көмек көрсету акциялары өтуде. Жеке кәсіпкерлер мен қала тұрғындарының атсалысумен Шымкент қаласында да белгіленген пунктерге қажетті тұрмыстық заттар мен қаржылай көмектер жиналуда.

Гүлжауһар ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.