Жалдау шартына сәйкес пәтерді үшінші тұлғаға беруге тыйым салынады. Жалға алушылар белгіленген мерзім аяқталғанша мақсатты пайдалануды жүзеге асырмаса, тұрғын үйден шығару жөнінде сот органдарына талап арыз беру жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы, бүгінде қалада 50 314 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Өткен жылы 519 арендалық пәтер кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобы, көпбалалылар, жетім балаларға, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне және 900 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға табысталды.
Айта кетейік, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін пәтерді жалдау шартының талаптары сақталуы міндетті. Бұл бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі