ТӨРТІНШІ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ Избранное

Среда, 22 Май 2024 05:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 329 раз

Шымкенттік 24 жастағы жас ана Айгүл Бақытжанқызы дүниеге үшем әкелді. Ұлдар мерзімінен бұрын, жүктіліктің 31-ші аптасында Шымкент қалалық перзентханасында туылды. Олардың салмағы 1580, 1640, 1610 грамм болған.

3EM

 

Дәрігерлер сәбилерді алдымен жан сақтау бөлімінде тұрақты бақылауда қарап, арнайы ем-шараларды жасап болған соң палатаға шығарған. Дәрігерлер сәбилер салмақ жинап, жағдайлары жақсарған соң сән-салтанатымен үйлеріне шығарып салды.
Қуанышқа кенелген отбасы үшемге Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед есімдерін берген. Бұл – Шымкенттегі жыл басынан бері дүниеге келген төртінші үшем.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы ұл болса, 5334-і қыз. Егіздердің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.