ЗАҢГЕРЛЕР ХАЛЫҚҚА ТЕГІН КЕҢЕС БЕРДІ Избранное

Среда, 05 Июнь 2024 05:38 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 381 раз

Шымкент тұрғындары «Арбат» алаңында өткен «Халық заңгері» акциясына белсенді қатысты. Акцияға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те келді.

Sanger

 

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауатын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Бұл күні тұрғындар еліміздің ең мықты заңгерлерінен тегін кеңес алды. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері және басқарма басшылары бар.
«Халық заңгері» акциясын өткізу елімізде дәстүрге айналған. Жылдан-жылға іс-шараның ауқымы кеңейіп келеді. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8 мыңнан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғариннің айтуынша, тұрғындар негізінен жұмыспен қамту, мемлекеттік сатып алу, жер мәселелері бойынша кеңес алуда. Департамент басшысы акция қорытындысы бойынша хаттама түзіліп, азаматтардың шағымдары тиісті мекемелермен бірлесе, заң тәртібіне сәйкес шешімін табатынын атап өтті.
Айта кетсек, акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz порталы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Ә.АЙТӨРЕ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.