МАҚСАТСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАН ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ Избранное

Среда, 05 Июнь 2024 05:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 380 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару, кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу шаралары мен өзге де мәселелер қаралды.

apparat

 

Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы М.Ақылбектің айтуынша, жер учаскелерін заңсыз иеленген, мақсатсыз пайдаланған 112 жеке және заңды тұлғадан 27 млн. теңгенің айыппұлы өндірілген. Қала әкімінің бастамасымен саябақтар мен аллеяларға, заңсыз жер телімдеріне қатысты тексеру жұмыстары жүргізілген.
Мәжіліс барысында қала әкімінің орынбасары С.Құранбек кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу шараларын баяндады. Ата-ана – оқушы – мектеп байланысын қалыптастыру мақсатында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» мен «Даналық мектебі» құрылды. Білім беру ұйымдарында «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Жеңгелер мектебі», «Ағалар мектебі», «Ұлдар клубы», «Қыздар клубы» жобалары іске асырылуда.
Балалар өмірі мен денсаулығының аса маңызды екеніне тоқталған қала әкімі жауаптыларға жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар олардың қауіпсіздігін қамтасыз етуде профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.