ЖӘРМЕҢКЕДЕ БАҒА ТӨМЕН Избранное

Среда, 08 Декабрь 2021 04:16 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1277 раз

Шымкент қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қажымұқан» атындағы орталық стадион маңында Түркістан облысының және жергілікті тауар өндірушілерінің бірлескен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

711

 

Жәрмеңкеге жалпы саны 200-ден астам қала кәсіпкерлері және 50-ден астам Түркістан облысының тауар өндірушілері қатысып, сапалы әрі нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада азық-түлік тауарларын ұсынды.
Көршілес Түркістан облысының Түлкібас, Төлеби, Отырар, Қазығұрт, Сарыағаш, Ордабасы, Бәйдібек, Шардара аудандарының шаруалары қала тұрғындарына арналған жәрмеңкеде 6 тонна ет, 3 тонна сүт өнімдерімен қатар, 15 тонна картоп, 7 тонна жеміс-жидек, 4 тонна қызанақ, 2 тонна қияр мен жеміс шырындарын саудаланды.
Ордабасы ауданы Жеңіс ауылының тұрғыны «Рауан» шаруа қожалығының өкілі Ұлан Жазыбаев асқабақ өнімдерін әкелген. Өзінің айтуынша, асқабақ ешқандай химиялық тыңайтқыш қоспай өсірілген. Сондықтан экологиялық таза өнім саналады.
Өз кезегінде қала тұрғыны Қуатбек Болатов жәрмеңкедегі бағалар қалтаға қонымды екенін айтады.
– Қазір бағалар өсіп жатыр. Бірақ жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінің құны базардан сәл де болса арзан екен. Жәрмеңкенің қаланың орталықтарында ұйымдастырылуы құптарлық іс. Өйткені тұрғындарға базарға бармай, жақын жерден керекті тауарын сатып алуға мүмкіндік туады. Оның үстіне нарықтағы бағаның арзандауына азғантай болса да септігін тигізеді, - деді ол.
Айта кету керек, жәрмеңке өткізудегі негізгі мақсаты –халықты тиімді бағадағы қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету. Сондай-ақ жәрмеңке жергілікті шаруаларға өз тауарларын делдалсыз сатуға мүмкіндік беріп отыр.