Жаңа құрылғы – ел игілігіне Избранное

Среда, 08 Декабрь 2021 04:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1312 раз

Қаладағы №1 клиникалық аурухана тәулік бойы науқастарды қабылдайтын көп салалы емдеу мекемесінде Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында АҚШ-тан әкелінген компьютерлік томография құрылғысы іске қосылды. Томография кабинетін аралап көрген денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Позилов инсульттан болатын өлім-жітім санын азайту үшін диагностикалауда құрылғының маңыздылығы орасан екенін алға тартты.

709

 

– Бұл жеке инвестордың есебінен алынған құрылғы. Қаладағы медициналық орталықтарда 21 компьютерлік томография болған. Көбі жекеменшік медорталықтарда орналасқан. Ал жаңа аппарат соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған. Қалалық №1 клиникалық ауруханасына тәулігіне орташа есеппен 200-ден аса азамат көмекке жүгінеді. Кейде жедел медициналық көмекке жүгінген науқастарға зерттеу жүргізуде аталған құрылғының пайдасы зор. Әсіресе, ишемиялық инсульт алған науқастың диагнозын дер кезінде анықтауға септігін тигізеді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесінде осындай құрылғы ел игілігіне беріліп отыр. Ауруханаға келген науқастар компьютерлік томографияға тегін түсіріледі, - деді Бақытжан Жолдасбекұлы.
Жалпы, компьютерлік томография ағзаның барлық мүшелері мен жүйелеріне зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Қарама-қарсы түстерді қолданып, бағдарламаның арнайы пакеттерін қосу арқылы жүрек қан тамырларының зақымдану деңгейін байқауға, сүйек тіндерінің минералды тығыздығын анықтауға жағдай жасайды.