Фильмнің таныстырылымы өтті Избранное

Среда, 08 Декабрь 2021 04:19 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1566 раз

Шымкентте «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында ұлттық мәдени орталықтар күні аталып өтті. Бұл Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «30 жылдыққа – 30 жұлдызды күн» атты іс-шаралар шеруі аясында ұйымдастырылды.

708

 

«Тұғырлы тәуелсіздік» атты іс-шараға қатысқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан орталықта жаңадан жасақталған этно мұражайды аралап, «Бейбітшілік пен келісім жолымен» телевизиялық жобасы фильмін тамашалады.
Телевизиялық жобаның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың егемендік пен тәуелсіздікті нығайтудағы, бейбітшілік пен келісім саясатының құндылықтарын шоғырландырудағы рөлін көрсету.
Алқалы жиында сөз алған Шыңғыс Жұмабекұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының мән-маңызына, ел бірлігіне ынтымақтығына тоқталып, мемлекеттің болашағы, еліміздің өсіп-өркендеуінің түп қазығы татулықта екенін жеткізді.
– Еліміз тәуелсіздігін алған тұста алпауыт елдердің саясаткерлері мен халықаралық сарапшылар көпұлтты еліміздің болашағына күмәнмен қарады. Түрлі пессимистік болжамдарын айтты. Дегенмен бәріміз бір тудың астына біріккен. Елбасының сарабдал саясатын көптеген ел үлгі етіп алды, - деді Ш. Мұқан.
Ал «XIII legion» салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жетекшісі, волонтер Тимур Шайдуллин, қалалық славян этномәдени бірлестігінің мүшесі, «Жусан» банкінің бөлім басшысы Юлия Дробязко, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Ася Мұхамедова, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің төрайымы Лаура Ақшегірова және пауэрлифтинг бойынша 7 дүркін әлем чемпионы Ксения Хан қастерлі тәуелсіздігіміз туралы тұшымды ойларын ортаға салды.
Айта кетейік, фильмде Қазақстанда өмір сүретін этнос өкілдерінің тұрмыс-тіршілігі, жетістіктері еліміздің дамуына қосқан үлестері баяндалады.