Сымсыз интернетке 500-ден астам тұрғын қосылды Избранное

Среда, 16 Февраль 2022 03:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1557 раз

Шымкент қаласының басым бөлігін жекеменшік секторлар құрайды. Сондықтан «Қазақтелеком» мекемесі жекеменшік үйлердің тұрғындары үшін арнайы пилоттық режимде FWA (Fixed Wireless Access) технологиясы бойынша базалық станцияларды іске қосты. Бүгінгі таңда шаһарда 550 абонент осы қызметті пайдалануда.

259

 

FWA технологиясы кәбілді тартуы қиын және тиімсіз жерлерде оптикалық-талшыққа балама болып табылады. Белгіленген сымсыз қатынау пайдаланушылары интернетке LTE желісінің жеке жиілік диапазонын қолдана отырып қосылады. Осы технологияның желілері бойынша деректерді таратудың кепілді жылдамдығы 20-дан 50 Мбит/сек дейін құрайды. Бұл қазіргі кеңінен таралған ADSL технологиясынан кем дегенде 2,2 есе жоғары.
Шымкентте Самал-3, Қызылжар, Тельман және Ақниет шағынаудандарында 15 FWA базалық станциясы орнатылды.
–Пилоттық жоба өткен жылдың маусым айында іске қосылды. «Қазақтелеком» мамандары технологияларды тестілеуден тиянақты өткізді. Жоба күтілген үмітті ақтап, жақсы нәтижелер көрсетті. Жеке сектордың 500-ден астам тұрғыны интернетті FWA технологиясы бойынша қосып, бүгінде олар алғысын білдіруде, - деді мекеменің В2С коммерциялық директоры Света Жұмашева.
Абоненттер үшін FWA-ға қосылу тегін, жабдық жалға беріледі. Шымкент қаласының тұрғыны Жандос Сұлтанов осы қызметті алғашқылардың бірі болып іске қосты. Оның бүкіл отбасы маусымнан бастап сымсыз интернетті пайдалануда.
– «Қазақтелеком» бізге сенімді жоғары жылдамдықты интернетке ие болуға мүмкіндік берді. Менің әкем – адвокат. Ол көбінесе кешкі уақытта жұмыс істейді. Бұрын ол мобильді құралды пайдаланып, жылдамдық, атап айтқанда интернет арқылы құжаттарды алу немесе жіберуде қиналып, жиі шағымданатын. Енді ата-анам, балаларым да өздерінің гаджеттерін WIFI арқылы қосып, байланыс жылдамдығы мен сапасына өте риза», - дейді Жандос Сұлтанов.
Компания аталған жобаны кеңейтуді жоспарлап отыр. Себебі бұл желіге қосылуы қиын шағынаудандар мен елді мекен тұрғындарына радиоинтерфейс арқылы телекоммуникациялық қызметтерге қол жеткізумен қамтамасыз етудің тамаша мүмкіндігі.

https//telecom.rz// WhatsApp 8708 000 01 60 39-02-17

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.