М.Әзілханов қалалық этномәдени бірлестіктер төрағалары, «Қоғамдық келісім» мекемесі қызметкерлерімен этносаралық қатынастар саласындағы бірлесе атқаратын жұмыстарды нақтылап, өзекті мәселелерді талқылады. Еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына тоқталып өтті. Қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан қоғамдық тұрақтылықты сақтауда ақпараттық-насихаттық жұмысты күшейту керектігін айтты.
Басқосуда қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Р.Пак, түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Л.Асанов, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы А.Мухамедова баяндама жасады.
Сонымен қатар, Марат Әзілханов БАҚ өкілдерімен және блогерлермен еркін форматта әңгімелесіп, ұсыныстарын тыңдады. Кездесу барысында ақпараттық кеңістікте ел бірлігін сақтау, жастарға арналған тәрбиелік маңызы жоғары ақпараттық контенттерге қолдау көрсету және т.б, мәселелер көтерілді.
Шымкент қалалық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының атқарып жатқан жұмыстары туралы клуб жетекшісі З.Оралбаева баяндама жасады. Бірқатар журналистер қоғамдық келісімді нығайту, ақпараттық саясатты дамытуда бірқатар ұсыныстарын жеткізді.