—Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметінің 5 бағытының бірі — қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Соған сәйкес Шымкент қаласындағы барлық мешіттер біріге отырып осылай 1 мың оқушыға қолдау көрсетіп отырмыз. Артымыздан ілесіп келе жатқан жас ұрпақ білімді болса, олар ертең ел мен жерге, асыл дініміз Исламға қызмет етеді. Солар атқаратын сауапты, игі істерге үлесіміз болсын деген ізгі ниетпен осындай шараны ұйымдастырдық, — дейді ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдәулет Абрахманов.
Сонымен қатар орталық мешітте Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша республикалық сайысқа Шымкент қаласы бойынша іріктеу өтті.