Болашақ заңгер тұңғыш рет сайлауға қатысты

Воскресенье, 19 Март 2023 03:23 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 345 раз

WhatsApp Image 2023-03-19 at 09.11.23

Қаратау ауданының тұрғыны Даниал Ахтаев та науқанға сайлаушы ретінде алғаш рет қатысып отыр.«Мирас» университетінің бірінші курс студенті болашақ заңгер екен.  Ол тұрғылықты мекенжайы бойынша №103 жалпы орта мектепте орналасқан №239 сайлау учаскесінде дауыс берді.

 — Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы – еліміздің даму бағытын айқындайтын саяси науқан.  Биылғы сайлауға көптеген өзгерістер енді. Ең бастысы,  мұның барлығы мемлекетті экономикалық тұрғыда өркендетіп,  халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қадам. Мен де болашақ заңгер ретінде партиялар мен жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларымен танысып шықтым. Дұрыс таңдау жасадым деген ойдамын,  - дейді Даниал Мейрамханұлы.

Ел болашағына бей-жәй қарамай,  саяси науқанда белсенділік танытып  отырған жас сайлаушылардың отанға деген сүйіспеншілігі сүйсінтті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.