Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары дауыс берді

Воскресенье, 19 Март 2023 05:06 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 557 раз

WhatsApp Image 2023-03-19 at 10.59.51

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов Түркістан сарайында орналасқан №231 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

– Сайлау – еліміздің даму бағытын айқындайтын саяси науқан. Мен Қазақстан Республиксының азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Әрбір сайлаушының даусы маңызды, – деді Қуаныш Жұмабекұлы.

Айта кетейік, №231 сайлау учаскесінің 2569 сайлаушысы бар. Олар – Қайтпас, Нұрсәт шағын аудандарының тұрғындары. Сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Ерлан БЕЙБІТБАЙдың айтуынша, қазіргі уақытқа дейін шамамен 20 пайызы келіп,  дауыс беріп үлгерген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.