Шымкентте үздік еңбек әулеті дауыс берді

Воскресенье, 19 Март 2023 09:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 545 раз

WhatsApp Image 2023-03-19 at 15.38.44

Шымкент қаласындағы «Үздік еңбек әулеті» номинациясының жеңімпазы Аубакировтар отбасы дауыс берді.

Байланысшылар династиясы атанып кеткен Аубакировтар отбасы Шымкентте өткен «Еңбек жолы» байқауында жеңімпаз атанған болатын.

Кәсібі атадан балаға, немерелеріне жалғасып келе жатқан бір әулеттен шыққан байланысшылардың еңбек өтілі ғасырға жуық уақытты құрап отыр.

– Байланыс саласында 35 жылдан астам еңбек еттім. Елімізде болып жатқан әрбір маңызды шараларға атсалысып, азаматтық міндетімді орындап келемін. Осындай тарихи сәттегі науқанда отбасымызбен бірге келіп, дауыс бердік. Балаларым, немерелерім – бәріміз өз таңдауымызды жасадық, – деді Үсенхан Жақыпұлы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.