ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНАДЫ Избранное

Среда, 24 Май 2023 05:46 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 676 раз

Абай ауданында жыл соңына дейін 60 көше жаңарып, ел игілігіне беріледі. Бұл туралы Абай ауданының әкімі Б.Парманов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

78

 

Абай ауданында 1 080 шақырым жол бар. Ол 1 274 көшені құрайды. Мұның ішінде, 573 шақырымы асфальт жол (688 көше), 450,2 шақырымы шағал тас төселген (540 көше), 57 шақырымы топырақ жол (48 көше) және 240 шақырымы аяқ жолдар (89 көше).
–Биыл 60 көше пайдалануға беріледі. 74 жобаның жалпы құны – 3,1 млрд. теңге. Біршама көшелер орташа жөндеуден өтеді. Атап айтқанда, 68,2 шақырым жол жөнделеді, 37,9 шақырым жолға шағал тас төселеді. Бірқатар елді мекенде инфрақұрылым жұмыстары жүруіне байланысты көшелер әзірге тоқтап тұр. Тұрғындардың жүруіне ыңғайсыз болған жағдайда қосымша шағалы тас төсейміз, - деді аудан әкімі.
Абай ауданында 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 мектеп бой көтереді. Ал салынатын әмбебап балалар алаңшасы – 15, спорт алаңшасы – 3. Мәдени ошақтар мен медициналық мекемелері де назардан тыс қалмайды.
–Шымсити шағынауданындағы конгресс холл құрылысы биыл аяқталып, пайдалануға беріледі. Көкбұлақ тұрғын алабындағы «Көкбұлақ» мәдениет үйін жөндеу жұмыстары 2024-2025 жылдардың жоспарына енгізілді. Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы мәдениет үйін жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Асар-2 шағынауданында жаңа мәдениет үйін салуға жер телімдерін қарастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – дейді Бұхарбай Парманов.
Айта кетейік, 27 елді мекеннен құрылған Абай ауданында 257,7 мың халық тұрады. Ауданның аумағы 24 000 гектарды құрайды. Онда үй саны – 55 159 болса, көпқабатты тұрғын үйлер саны – 165 000. 93 әлеуметтік нысан мен 1 274 көше бар.