Жас шахматшылар лайықты өнер көрсетті

Пятница, 11 Август 2023 05:09 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 457 раз

shahmat

Ақтау қаласында 2- 7 тамыз аралығында мектеп командалары арасында шахматтан әлем чемпионаты өтті. Турнирге әлемнің 53 елінен барлығы 400-ге жуық мектеп оқушылары қатысты. Қазақстан атынан 10 мектептің, атап айтқанда Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Павлодар қалаларының жас шахматшылары үздік бәсекелестермен ой жарыстырған болатын.

Соның ішінде Шымкент қаласынан №9 Ө.Жолдасбеков атындағы мектеп лицейінің оқушылары әлем чемпионатында 5-орынға ие болды. Шартараптың шахматшылары арасынан үздік бестік қатарынан көрінген ойы зерек, көңілі жүйрік балаларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Атап өтсек, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміздегі білім ұйымдарында шахматқа ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, Шымкент қаласы биыл төртінші жыл бастауыш сыныптарда 100 пайыз оқушыларға шахмат пәні үйірме ретінде енді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.