УӘКІЛ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ

Пятница, 15 Сентябрь 2023 04:37 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 371 раз

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі және Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережесі бекітілген.

 

Әдеп кодексінің талаптарын орындау үшін мемлекеттік мекемелердің жұмысын ұйымдастыруға жауапты құрылым қалыптастырылған. Осы кодекс бойынша мемлекеттік мекемелерде әдеп жөніндегі уәкілдердің тәуелсіз лауазымы енгізілген. Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі қызметі мемлекеттік органдардың қоғамдағы ролін күшейту, мемлекеттік қызметкерлердің имиджін көтеру. Басты міндет – мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдер мен жүргізіп отырған саясатына деген сенімді арттыру. Уәкілдің қызметі ең алдымен мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алуына бағытталған. Қандай жағдай болсын, мемлекеттік қызметкерлер халықпен сыпайы, салмақты түрде сөйлесуі тиіс. Әдеп жөніндегі уәкіл, жалпы мемлекеттік қызметкерлер – мемлекеттің сенімді өкілдері.
Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін дербес атқара алады және жұмыс қорытындысы туралы мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органға есеп беріп отырады. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан құқық бұзушылықтар көрініс тапқан жағдайда кез келген тұлға әдеп жөніндегі уәкілге жүгіне алады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының әдеп жөніндегі уәкілдің азаматтарды қабылдау күні әр аптаның бейсенбі күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 9в. Байланыс телефоны 8-7525-95-20-39.

Қ.Ертуов,
Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының Әдеп жөніндегі
уәкілі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.