ТЕГІН КӘСІПТІК БІЛІМ АЛАДЫ Избранное

Пятница, 20 Октябрь 2023 04:29 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 397 раз

Шымкент қаласы «Еңбек мобильділігі» орталығы 60-тан астам жұмыс берушінің сұратуы бойынша 1671 жұмыссыз азаматты оқу орталықтарында тегін қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өткізуде. 23 оқу ұйымы оларға 3 ай бойы білім беріп, техникалық және кәсіптік сала мамандықтарына даярлайды. Оқу сәтті аяқталған соң бітірушілерге сертификат табысталып, кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмыс орнына орналасады.

726

 

Мәселен, «Профессионал» оқу орталығында бүгінгі таңда 147 адам түрлі мамандықтар бойынша кәсіптік білім алуда. Аптасына 6 күн, 4 сағаттан оқытады. Былтыр аталмыш оқу ұйымы 104 адамды оқытып, жұмыспен қамтыған. Қазір осында шаштараз кәсібін үйреніп жүрген Маржан Нұрмахан білім алып, шеберлігін шыңдаған соң, жеке әсемдік салонын ашқысы келетінін айтады.
Жалпы, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында жүзеге асырылуда. Мекемелерден көбінесе техникалық және кәсіптік сала мамандарына сұраныс көп түскен. Еңбек нарығында әсіресе автомобиль жөндеу – дәнекерлеушісі, байланыс желілерінің электриктері, жол-құрылыс көлігінің машинисі, кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері мен компьютер және аппаратық құралдарының операторы, кәсіби шаштараз және тігінші, көкөніс өсіруші мен мерчендайзарлер секілді мамандық иелерінің тапшылығы байқалады.
Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Үміткердің мүгедектігі болған жағдайда, мүгедектікті оңалтудың жеке бағдарламасында (ИПР) жұмысқа қабілеттілігіне дәрігердің рұқсаты болуы қажет. Білім алушыларға сондай-ақ ай сайын 20 948 теңге шәкіртақы мен 2 АЕК, яғни 6900 теңгеден бір реттік материалды көмек төленеді.
Сала мамандарының айтуынша, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту онлайн платформа арқылы да жүзеге асырылады. https://skills.enbek.kz/ сайты арқылы бүгінгі таңға 2 жарым мыңнан астам азамат онлайн білім алған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.