ЕРЕКШЕ БАЛА ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АНАЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ Избранное

Пятница, 10 Ноябрь 2023 04:27 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1139 раз

Шымкентте бір топ ерекше күтімді қажет ететін жандардың анасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қаладағы өкілі Нұржан Әбдезов пен «Қазақстан әйелдері кеңесінің» Шымкент қалалық филиалы төрайымы Баян Жандосоваға алғыс айтты. Мерейлі кездесу «Рахмет саған анашым» мүмкіндігі шектеулі балалар аналарының қоғамдық бірлестігінде ұйымдастырылды.

513

 

Осы жылдың 5 қыркүйегінде қоғамдық бірлестіктегі бір топ ана Адам құқықтары жөніндегі уәкілге ауыр жағдайдағы балаларды ІІ топ мүгедектігінен І топқа өткізе алмай жатқанын жеткізген. Көп ұзамай, яғни 15 қыркүйекте Н.Әбдезов өтініш жасаған ата-аналарды, қалалық әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасының өкілдерін, психикалық денсаулық орталығының бас дәрігерін, Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті қалалық филиалының өкілдерін шақырып, мәселені шешудің заңды жолын қарастырыпты.
–Өкілдікке «Рахмет саған анашым» ҚБ-де балалары тәрбиеленіп жатқан 10 ана арызданған болатын. Бүгінгі күні 5 ананың мәселесі мемлекеттік мекемелердің мамандарымен бірлесе заңдылығы қаралып, шешімін тапты. Бір баланың мүгедектігін ауыстыру үшін жыл бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Егер денсаулық жағдайында өзгеріс болмаса, ары қарай қажетті жұмыстар атқарылмақ. Қалған төрт ананың өтініші денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныс ретінде жолданды, – деді Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әлібекұлы.
Осы жылдың 9 айында өкілдікке азаматтар тарапынан 134 арыз-шағым түсіп, оның 29-ы оң шешімін тапқан, ал қалғаны алдын ала тергеу амалдары мен сот үкімдері шешімдеріне байланысты болғасын кері қайтарылыпты. Мұны уәкіл: - Өкілдік тергеу ісіне араласа алмайды. Соттың үкімдері мен шешімдерін тек сот төрелігі ғана өзгертеді», деп түсіндірді.