БЖЗҚ АҚ "Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасы мектебі" онлайн-семинарын өткізеді

Среда, 22 Ноябрь 2023 04:17 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 554 раз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ, зейнетақы жүйесі мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар болуға, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметтің нәтижелеріне бағытталған белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде қаржы журналистикасы мектебінің кезекті тегін курсын өткізеді.

Оқуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен журналистер мен белсенді блогерлер де, журналистика факультетінің студенттері де қатыса алады.

Екі күн ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі саласының мамандары қазақ және орыс тілдерінде шеберлік сабақтарын өткізеді.

Курс бағдарламасында түрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады:

- Әлемнің зейнетақы жүйелері, халықтың қартаюы, Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне (ЖЗЖ) - 25 жыл, БЖЗҚ қызметі

- Әлеуметтік Кодекс. ЖЗЖ-дағы жаңашылдықтар

- Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық банкінің басқаруы (зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланып жатқаны туралы таныстырылым)

- Сенімгерлік басқарудағы зейнетақы жинақтары (ИПБ).

- Ұлттық қор – балаларға. Бағдарлама 2024 жылдан бастап қалай жұмыс істей бастайды?

- Зейнетақы жинақтарынан төлемдер (БЖЗҚ-дан берілетін төлем түрлері, оларды алу тетігі, enpf.kz сайтынан ақпаратты қалай табуға болады?)

- БЖЗҚ-ның ақпараттық жұмысы. Бастапқы көзден алынған материалдарды және эксклюзивті пікірлерді қолдана отырып, ЖЗЖ туралы қызықты материалды қалай жасауға болады?

Іс-шара онлайн-форматта 23 қарашада орыс тілінде және 24 қарашада қазақ тілінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейінгі уақыт аралығында өтеді.

Қатысу үшін алдын ала тіркелу талап етіледі. Қатысуға өтінім беруші Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайына өзі туралы ақпаратты: ТАӘ, БАҚ немесе оқу орнының (студенттер үшін) атауы, қатысу күні, электрондық мекенжайы және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесін жіберу үшін) көрсете отырып жіберуі қажет.

Шақыру сілтемесі Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.