АХАТ МӘЛІМЕТТЕРІН ХҚКО АУДАНДЫҚ БӨЛІМДЕРІНДЕ АЛУ ҚОЛЖЕТІМДІ

Четверг, 23 Ноябрь 2023 03:46 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 756 раз

«Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне 14 шілде 2022 жылы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, 01.07.2023 жылдан бастап азаматтық хал актілерін тіркеу функциясы жергілікті тіркеуші органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілген.

 

Шымкент қаласы бойынша 5 аудандық (Абай, Еңбекші, Қаратау, Әл-Фараби, Тұран) азаматтық хал актілерді тіркеу «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша аудандық бөлімдерінде мемлекеттік қызмет көрсетілуде.
Одан бөлек, азаматтарға ыңғайлы болу үшін барлық азаматтық хал актілерді тіркеуге электронды түрде ЭЦҚ(электронды цифрлы қолтаңба) арқылы Үкімет порталының «Egov.kz» сайты арқылы өтініш жіберуге мүмкіндік қарастырылған.
Демек, барлық азаматтық хал актілерін тіркеу үшін және өзектендіруге электронды өтініш беріледі.
Егер тіркелген азаматтық хал актілер- неке қию, туу, неке бұзу, бала асырап алу, әкесі екендігін анықтау, атын өзгерту, қайтыс болу туралы мәліметтер болса немесе цифрлы құжаттар қате немесе болмаған жағдайда, электронды портал арқылы өзектендіруге өтінім беріледі.
Тіркелген азаматтық хал актілердің мәліметтерін түзету бойынша өтінімге кіріп, қажеттісін таңдап, дұрыс мәліметтерін толықтырып, сканерленген куәлігін жүктеу қажет. Қызмет түрі төлем ақысыз көрсетіледі және арнайы тіркеуші органдарға баруды қажет етпей, бір жұмыс күнде көрсетіледі. Қызмет көрсетудің нәтижесі, «АХАТ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде өзекті мәліметтер болып табылады.

А.КАДИРОВА,
Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды
тіркеу және 
тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.