АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Вторник, 13 Февраль 2024 04:59 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 237 раз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2023 жылдың 12 айында (01.01.2023 жылдан 31.12.2023 жылға дейін) өз салымшыларына 24,8 млн қызмет көрсетті. Оның ішінде 17,4 млн. қызмет электрондық форматта, 5,5 млн. – автоматты форматта ұсынылды. Күндізгі форматта 1,2 млн. операция жүргізіліп, оның 1 млн астамы тікелей Қор кеңселерінде іске асырылды.

             Өткен жылы ең сұранысқа ие қызметтердің бірі жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы үзінді-көшірмелер беру болды. Барлығы 22,7 млн. астам үзінді көшірме берілді. Оның шамамен 17,3 млн (немесе 69,8%) - электрондық түрде, тағы 4,7 млн (19,0%) автоматты режимде салымшылар мен алушылардың мекенжайларына бұрын таңдаған "электрондық пошта" хабарлау тәсілі арқылы жіберілді.

БЖЗҚ сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте салымшылардың (алушылардың) өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге өтініштің мәртебесін қадағалау, жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтерді әлемнің кез келген нүктесінен 24/7 режимінде пайдалану мүмкіндігі бар. 

Өткен жылы БЖЗҚ ақпараттық базасында автоматты режимде 352 мыңнан астам жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) ашылды. Бұл мүмкіндікке БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелері мен "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорын интеграциялау нәтижесінде  қол жеткізілді. Мемлекеттік дерекқордан БЖЗҚ ЖСН арқылы жаңа салымшылардың барлық қажетті сәйкестендіру деректерін (аты-жөні, туған жылы және т.б.) алады.

Есепті кезең ішінде деректемелерді өзгертуге түскен 327 мың өтініштің 253 мыңы Қор кеңселерінде қабылданды.

 БЖЗҚ-ның көшпелі қызмет көрсету бөлімдері ­- мобильді агенттер мен мобильді кеңсе экипаждары 136 мыңнан астам қызмет көрсетті. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 35 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізілді. Оған 761 мыңнан астам адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 46 мыңнан астам материал жарияланды.

 Салымшылардан кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштердің саны - шамамен 750 мың.

             Естеріңізге сала кетейік, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым жасап, ақыл-кеңес беру жұмыстарын өз кеңселеріне барып өткізуге кез-келген компания өтінім бере алады. Ол үшін жай ғана 1418 нөмірі бойынша Байланыс орталығына қоңырау шалу немесе Қордың сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

Қордың ақыл-кеңес беру қызметтерін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боты арқылы және БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан алуға болады

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.