АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Вторник, 13 Февраль 2024 05:02 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 220 раз

2024 жылғы 1 қаңтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 17,9 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 2023 жылы жинақ сомасы 3,2 трлн теңгеге немесе 21,8% ұлғайды.

Зейнетақы жинақтарының басым сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасып, 17,3 трлн теңгеге жетті (2023 жылғы өсім - 21,6%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы ­- 568,5 млрд теңге (2023 жылғы өсім - 27,6%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 5,3 млрд теңге (2023 жылғы өсім - 48,3%) болды.

2023 жылы салымшылардың шоттарына шамамен 2,2 трлн теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті. Ол өткен жылғы көрсеткіштен 434,6 млрд теңгеге немесе 25,2% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95,5% мөлшерін БЖЗҚ-ға МЗЖ есебінен түсетін түсімдер құрайды. Олардың мөлшері – 2,1 трлн теңге (бір жылдағы өсім - 25,3%). МКЗЖ есебінен 95,5 млрд теңгеден астам қаражат түсті (бір жылдағы өсім - 24%). ЕЗЖ көлемі 2,3 млрд теңге.

Зейнетақы жинақтарының едәуір өсуіне салымшылардың зейнетақы жарналары есебінен ғана емес, сонымен қатар 2023 жылы шамамен 1,6 трлн теңгені құраған таза инвестициялық кірістің арқасында қол жеткізілді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 685,4 млрд теңгеге немесе 77,7% артық.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 12,3 млн бірлікке жетті. ЖЗШ-ның ең көп саны МЗЖ бойынша ашылған. Олардың саны - 11 088 699 бірлік. МКЗЖ есебінен қалыптастырылған шоттар саны - 642 462 бірлік, ЕЗЖ бойынша шоттар саны - 397 231 бірлік.

2023 жылы БЖЗҚ салымшыларына 591,3 млрд теңге төледі. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделу мақсатындағы біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) ­- 284 млрд теңге болса, жасына байланысты төлемдер – 150,6 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 54 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 52,6 млрд теңге, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер - 39,8 млрд теңге, жерлеуге берілетін төлемдер - 7,5 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер - 2,8 млрд теңге.

Атап кету керек, зейнет жасына толуға байланысты БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы - 32 202 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы ­- 742 692 теңге. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы - 29 973 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңге болды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА »