«АНТҚА АДАЛ БОЛУ КЕРЕК» Избранное

Среда, 28 Февраль 2024 04:03 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 454 раз

Шымкентке жұмыс сапарымен келген ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков қалалық полиция департаментінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесті.

MiniSTR

 

Жиын барысында полиция генерал-майоры жұмыстың ауқымдылығын атап өтіп, Мемлекет басшысы мен ішкі істер министрінің қылмысқа қарсы күрес бойынша берілген тапсырмаларын түсіндірді.
Айдар Мүтәлікұлы тәртіп сақшыларының қызметін жетілдіру мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып, қоғам полицияға арқа сүйеп, сенім арта алатындай болуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы мәселелерді бірлесіп анықтау және оларды шешу үшін полицейлердің азаматтармен тиімді серіктестік қарым-қатынас орнатуына ерекше назар аударды.
– Әрбір қызметкер антқа адал болып, күнделікті жұмысында заң талаптарын қатаң ұстануы қажет. Тек осылай ғана халықтың сенімінен шығуға болады, – деді министрдің орынбасары.
Сапар соңында А.Сайтбеков қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптестерінің шаңырақтарына барып, туыстарына алғыс білдіріп, қоғам тыныштығы үшін өмірлерін қиған ержүрек батырлардың есімдері әрқашан халықтың жадында қалатынын атап өтті.

Өзипа Есенәлі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.