«РУХЫ МЫҚТЫ ӘСКЕР – ЕЛ ҚОРҒАНЫ» Избранное

Среда, 28 Февраль 2024 04:04 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 369 раз

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Шымкент қаласындағы бірқатар әскери бөлімдерді аралап, жағдайымен танысты.

miniss

 

Авиация базасының ұшу-қону жолағында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы туралы баяндады.
Шымкент гарнизонының 36814 әскери бөлімінің командирі министрге жауынгерлік мүмкіндіктері мен жасақталуы туралы баяндады. Ведомство басшысы бөлімді қару-жарақпен және техникамен жарақтандыруға баса назар аудару керектігін, әскери даярлықтың сапасын арттыру, сарбаздардың бойында жауынгерлік рухты көтеру бағытында жұмыс жүргізуді тапсырды. «Рухы мықты әскер – ел қорғаны» деді министр өз сөзінде.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрі әскери бөлімдегі казармаларды, асхана, әлеуметтік-мәдени нысандар мен әуе қорғанысы күштерінің базасын, ұшу экипажына пилотаж және авиациялық зақымдау құралдарын қолдану міндеттерін пысықтауға мүмкіндік беретін бөлімнің инфрақұрылымын, авиакомпаниялардың жұмысымен танысты.
Жұмыс сапарының соңында генерал-полковник Руслан Жақсылықов жауынгерлік даярлықтың сапасын арттыру, әскерлердің жауынгерлік және әскери инфрақұрылым объектілерін жайластыруды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « «АНТҚА АДАЛ БОЛУ КЕРЕК» Су тасқыны »