Соның бірі – «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы.
Жалпы алып қарасақ, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, сонымен қатар ұлттық экономиканы цифрландыру. Қазақстан Республикасының ақпараттық технологияларды мемлекеттік жүйеге ендіру, сәйкестендіру жұмыстары осыдан сәл ертерек нәтижелі бастау алғанын айтып өткен жөн. Қазақстанда онлайн сауда нарығы дамып келеді. Үйден немесе кеңседен шықпай-ақ түрлі операцияларды жасай алады. Бұрындары кезекте тұрып, уақытты сарп етіп, арнайы мекемеге бару керек болса, қазір Қазақстан халқы төлемді де, оның ішінде салық, айыппұл төлеу, коммуналды қызметтерді жасау секілді, тағы да басқа түлі операцияны орындай алады.
Цифрлық технологиялар білім беру процесі үшін дəстүрлі құралдарды тиімді түрде толықтыратын жаңа құралдарды ұсынады, оларды көптеген педагогтер өздерінің əдістемелік жүйесіне тезірек енгізіп, қарқынды жұмыс істеуде.
Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін түбегейлі жаңа мүмкіндіктер береді. Цифрлық білім беру ресурстары — оқудағы көрнекіліктің жедел құралы, педагогтердің практикалық дағдыларын пысықтаудағы көмекші, сондай-ақ үй тапсырмаларын бақылау жəне бағалау, сызбалармен, кестелермен, графиктермен, шартты белгілермен жəне жұмыста, мəтіндерді жазуда, шығармашылық жұмыстарындағы қателерді түзетуде орны зор.
Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға,ұстаздарға ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді цифрландыр мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы
Жалпы, заман талабына сай, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін білім беру жүйесін цифрландыру өте өзекті деген тұжырым жасауға болады. Сол себепті әлемнің көптеген елдері арнайы бағдарламалар қабылдап, заманауи технологиялардың білім саласында қолданылуын кеңейтуге ұмтылып отыр. Қазақстан да бұл салада жағымды өзгерістердің жүргізіліп жатқандығы, мемлекеттік қолдау мен инвестицияның жоғарылығы, еліміздің осы бағытта әлемнің кез келген елімен бөлісе аларлық тәжірибесі барлығы анықталды.
Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында денсаулық сақтау саласында барлық медицина ұйымдары интеграцияланған медициналық ақпараттық жүйеге қосылып, науқастар «Damumed» мобильді қосымшасы арқылы қабылдануда. Қазір бала туу бойынша мемлекеттік қызметтерді сәбилі болған ата-аналар перзентханадан шықпай, телефонның көмегімен-ақ ала алады. Яғни туу туралы куәлікті, балабақшаға кезекке қою, жәрдемақыларды тағайындауды SMS-тің көмегімен рәсімдеуге болады.
Цифрландыру жүйесінің мүмкіндіктері өте көп.
Цифрландыру қазіргі әлеуметтік-экономикалық салалардың барлығына ортақ. Демек алдағы бес-он жылдың ішінде әлемнің барлық елдері осы жолға түсетін болады. Цифрландыру – жаһандық үрдіс. Бұл үрдістен бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуды және халқының тұрмыс сапасын жақсартуды ойлаған мемлекеттердің ешбірі бас тартпайды. Қазақстан осы елдердің қатарында. Сондықтан елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын енгізді.
Едильбаева Эльмира
Шымкент қаласы білім басқармасының
политехникалық колледжінің жалпы пән оқытушысы