Тәрбие отбасынан басталады.

Пятница, 01 Март 2024 10:20 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 770 раз

Адамзаттың  өмірдегі  ең қымбаттысы, көз қуанышы-бала. Бала-дербестұлға.Бала бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтарыотбасында, коллежде, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланы өсіру, оны азаматетіп тәрбиелеу-елдік мәселе. Сол үшін де  қазақ халқы  бала тәрбиесінеайрықша мән беріп, оны ата-ананың  борышы санаған.Баланыңбас ұстазыата-анасы.

 

Тәрбие берудің бір тарауы отбасы болса, отбасынан басталатынтәрбие колледж өмірінен жалғасын табады. Отбасында өмірге келген әр балаес біліп, етек жиғанша негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгімақсат- әрбір бала  түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін білу жәнеолардың жан-жақты дамуына ата-ана, колледж жағдай жасауы керек.

Сондықтан да, ата-аналар, сіздерге балаларыңыздың колледжде барлықмүмкіндіктерді пайдаланып, білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырыпөзін-өзі басқаратын азамат болуына  ат салысу қажет. «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»- демекші, бала әкеденақыл, анадан мейірім алады.Береке-бірлігі мол үлгілі  отбасындатәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды, болашақөркениетке қосар үлесі бар. Орынды тәрбие арқылы адам баласыныңтағдыры шешіледі, оның білімді тұлға болып қалыптасатыны, елдің беріктірегі болатыны көрінеді. Әрбір ата-ана өзінің мінез-құлқымен, жүріс-тұрысымен, адами қарым-қатынасымен, бүкіл болмысымен балаға үлгіболуға тиіс.Бала тәрбиесі-маңызды және күрделі мәселе.Ұрпақ тәрбиесіне қайкезеңде, қай елде болмасын, үлкен мән берілген. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «Тек ата-аналармен    бірге  жалпы күш-жігерді біріктіруарқылы ғана мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруімүмкін»  деген ұтымды ой айтқан.

Адамның адамшылдығы- жақсы ата-анамен білікті тәрбиешіден. Тәрбиенің таразы секілді екенін ескерсек, екібасының тең түсуіне көп көңіл бөлген абзал. Жұмыс барысында ата-аналардың  бала тәрбиесіне деген көзқарасын  бақылауға болады. Кейбіротбасылар баланы киім-кешекпен, тамақпен қамтамасыз етуді ғана  өзміндеттеріне алып, тәрбие мен білім беру ісін коллеждің мойнына жүктейді. Ал коллежден келген баланың күн ұзақ далада жүріп, көше бойыныңтәрбиесінде, әртүрлі ортада  болатынын, жаңа достарының көмегініңнәтижесінде сорақы әдістерін қолымен жасайтыны жасырын емес. Ал балатәрбиесі мұндай салғырттыққа, сылтау себеп іздестіруге төзбейді, оны дұрысдеңгейде жүргізу үшін кәсіптік білгірлік, ата – аналардың коллежбен ынтымағы керек. Сондықтан балаға ата – ана тәрбиесінің орнын ешнәрсетолтыра алмайды. Бала отбасы жағдайында өмірдегі әртүрлі жағдайлардаөзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік,сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым – қатынаста болусияқты тәжірибе жинақтайды. Біздегі көптеген ата-аналар баланың кемшілігін колледждегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы  жақсы пікір айтылса,алдымен ата-ананың колледж, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсеретеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығыартады. Баланың сабаққа саналы қарап,озат оқушы болып өсуі- мұғалім мен ата-ананың бірігіп өсірген жеміс ағашынемесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десек артық емес.  Алтын бесік – отбасыболса, алтын ұя – колледж. Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені отбасыадамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамыта жетілдіріп жатса, колледж ақылы мен білімі, адамзаттық құндылықтары мен қоса жан – жақты жетілген,толысқан, өз бетімен өмір сүруге бейім, қоршаған ортамен тікелейбайланысқа шыға алатын толыққанды адам етіп тәрбиелеп шығарады. Ата –анасы тәрбиелі болса, адамдық ары биік азамат болады, ұстазы білімді болса– шәкіртінен озық ойлы азамат шығады «Еменді и, иілетін кезінде, баланытый, тыйылатын кезінде» дейді халық даналығында. Сондықтан тәрбиеніңнегізі ата – ана, колледж қоғамдық орта болып – дені сау, ұлттық сана сезіміоянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол,еңбекқор, іскер, бойында адами қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі жөнінде дана Абай: «Адамның жақсы болуы тегіндеемес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде.Адамға үш алуан адамнанмінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан.Әсіресе олардыңқайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады»  деп,  осы үшеуінен баланыңболашағы шешілетінін ескерткен.Хадисте де Пайғамбарымыз: «Ата-ананың баласына беретін де, қалдыратын да еңқымбат сыйы-тәрбиесі » деген. Ендеше, еліміздің ертеңі- балаларғағасырға лайықты  білім, тәлім-тәрбие беру-басты  міндет екенінұмытпайық. Ойлы, саналы ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, ата-ана, колледж пен бала ынтымақтастықта болып, білім ордасындағы тәрбие отбасында жалғасын табатындай ұштастыра білейік.

Шымкент қаласы білім басқармасының

«Политехникалық колледжі» МКҚК

арнайы пән оқытушысы Абдукадирова У.А.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.