АЛҒАШҚЫ ЖАРНАНЫ МЕМЛЕКЕТ СУБСИДИЯЛАЙДЫ

Вторник, 02 Апрель 2024 06:23 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 111 раз

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу шарттарын жеңілдету туралы тапсырма берді.

 

«Ауыл шаруашылығы техникасының тозуы өткір проблема күйінде қалып отыр. Қазіргі таңда жалпы техника паркінің шамамен 75%-дан астамының тозығы жеткен. Бұл мәселе де тиісті шешімді талап етеді. Диқандардың жаңа техниканы сатып алуын жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту қажет.
Аталған мәселені шешу үшін фермердің өзі төлеп келген алғашқы 15% жарнаның орнына тікелей лизингтік компанияға инвестициялық субсидия салынуға тиіс», — деді Үкімет басшысы.
Оның пайымдауынша, аталған шара шаруаларға өздерінің айналым қаражатын сақтап қалуға мүмкіндік бермек.
«Фермерлер өздеріне тиесілі субсидиялардың тым кешігіп төленетініне наразылық білдіруде. Өткен жылғы субсидиялар бойынша қарыз 160 млрд. теңгеден асып кетті. Бұл қаражатты егіс жұмыстарына жаратуға болатын еді. Жеңілдікті дизель отынын үлестіру барысы да ерекше бақылауда болуға тиіс. Алыпсатарлыққа және қолдан тапшылық жасауға жол бермеу керек», — деді Олжас Бектенов.
Жалпы, Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы жүргізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауы қажет.
Жұмысты күшейтіп, анықталған проблемаларды шешудің нақты жолдары болуы тиіс.

kaz.inform.kz

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.