ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР САНЫ АРТҚАН

Вторник, 02 Апрель 2024 06:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 174 раз

Шымкентте тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 наурызға 28436 бірлікті құрап, 2023 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,3% артты. Оның ішінде 100 адамнан кем қызметкері бары – 27993 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар 22910 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 22474 бірлік.

 

Жыл басынан бастап ең көп тіркелген заңды тұлғалардың саны көтерме және бөлшек саудада, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде сақталып отыр. Оның үлесі 29,7% құрады. Екінші орында – құрылыс (15,7%), үшінші орында өзге де қызмет көрсету түрлерін ұсыну (11,7%). Осы үш қызмет түрлерінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 57,1% құрайды.
Шымкент қаласы бойынша жеке кәсіпкерлердің саны 2024 жылдың 1 наурызына 113825 бірлікті құрады. Жеке кәсіпкерлердің ең көп үлесі көтерме және бөлшек саудада; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде (46,8%), өзге де қызметтер түрлерін ұсыну (22,5%), өнеркәсіпте (8,2%) сақталып отыр.

Г.САНСЫЗБАЕВА,
Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы
бойынша департаменті Тіркелімдер бөлімінің бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « СЕЛДЕН САҚ БОЛЫҢЫЗ! Хабарландыру »