ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН КЕСЕТІН 11 ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНҒАН Избранное

Среда, 15 Май 2024 06:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 231 раз

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жол картасы бекітілген. Осы картаға сәйкес басқармаға қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы барлық мемлекеттік кәсіпорындарда комплаенс офицер қызметі құрылған. Бүгінде денсаулық сақтау ұйымдарында 28 комплаенс офицер тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.

BRiFoO

 

–Комплаенс қызметін енгізудегі мақсат – медициналық ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Нақтырақ айтқанда, медицина қызметкерлері тарапынан ақша талап ету немесе тегін көрсетілетін медициналық қызметке, түрлі анықтамаларға, мүгедектікке шығару кезінде заңсыздықтар бойынша комплаенс офицерлерге шағымдануға болады. Олар емдеу мекемелеріндегі фронт-офисте тұрғындарды қабылдайды, – деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков баспасөз брифингінде.
Басқарма басшысының айтуынша, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары, бюджеттің орындалуы, бюджеттік бағдарламалар, бюджеттің жоспарлау сатысы бойынша ақпарат «Ашық үкімет» базасының «Ашық бюджеттер» порталына және басқарманың вэб сайтына салынады. Мемлекеттік медициналық мекемелерде сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында 2260 бейнекамера орнатылған. Бейнекамералар стационар, перзентханаларға және балалар ауруханасының дәліздері мен кабинеттерге қойылған.
– Мемлекеттік медициналық мекемелер үшін ақылы медициналық қызметтерге бірыңғай тариф қолдану құқықтық актісімен бекітілген. Бұл өз шегінде Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік кәсіпорындарының ақылы қызметтерінің бір бағада болуына және халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігіне оң әсер етеді, – деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ брифингте медицина ұйымдарының басшылары кадр мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатынада әр аурухана мен емханаларда атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті. Медицина мекемелеріне жұмысқа қабылдауды ашық және объективті өткізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жою мақсатында 2022 жылы «I-Shymkent.kz» порталы арқылы НR-процесс жүйесі іске қосылған. Бүгінде қаладағы медицина ұйымдары арасында жалпы жемқорлыққа әкелетін факторлардың алдын алу мақсатында 11 жоба қолға алынып, 5 жоба пилоттық режим негізінде жүзеге асырылып келеді.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.