Абай БАЛАЖАН — Қазақстанның құрметті журналисі!

Четверг, 27 Июнь 2024 07:13 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 248 раз

Қазақстан Журналистер одағы тағайындаған бұл атақ ел журналистикасына еңбегі сіңген, осы саланың «отымен кіріп, күлімен шығып» қана қоймай, дараланып көзге түскен журналиске беріледі. Биыл бұл атаққа 100 жылдық ғасыр тойын тойлағалы отырған «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы Абай Балажан ие болып отыр.

2525

 

Абай Бекназарұлы – қазақ журналистикасының деңгейін көтеруге үлес қосып жүрген, мемлекеттік, ұлттық мүдде жолында мәселе көтеріп жүрген журналист. БАҚ өкілдерінің, әсіресе аймақтардағы журналистердің әлеуметтік жағдайы жайлы мәселелерді дүркін-дүркін көтеріп жүрген Абай Бекназарұлын «Қазақстанның құрметті журналисі" атағын алуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сыйлық нағыз иесін тапты деген осы! Құтты болсын!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.