ЖАСТАР ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ СЕЗІНЕ БІЛУІ ТИІС Избранное

Среда, 17 Июль 2024 06:04 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 860 раз

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Руслан Берденов Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында тұрғындармен кездесіп, бірқатар нысандарды аралап шықты. Халық қалаулысы алдымен «Тассай» индустриалды аймағындағы кәсіпорындардың жұмысымен танысып, жұмысшылармен әңгімелесті.

DepuT

 

Мәжіліс депутаты медициналық бұйымдар шығаратын «MARAI E7 group» кәсіпорнында болды. 2017 жылы іске қосылған кәсіпорнының жұмысшыларының ұсыныстарын тыңдады. Өндіріс басшылары кездесуде шығарған өнімді сату бойынша бірқатар мәселелерін жеткізді.
Р.Берденов елімізде медициналық бұйымдар шығаратын 60-қа жуық компанияның өнімдеріне қолдау көрсету бойынша мәселелер көтеретінін айтты.
Сондай-ақ, Руслан Арысбекұлы «Азия Трафо» ЖШС кәсіпорнына барды. «Asia Trafo» – отандық «Alageum Electriс» электр машина жасау саласындағы жетекші өндіруші құрамына кіреді. Бұл – Орталық Азиядағы кернеуі 110, 220, 500 кВ қуаты 500 МВА дейінгі трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт. 2019 жылы іске қосылған кәсіпорын бүгінде 200-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт өнімдеріне тек ішкі нарықта ғана емес, бүгінде шет елдерден де сұраныс бар.
Мәжіліс депутаты өндіріс орнының сынақ зертханасын, дәнекерлеу-дайындау цехын аралап көрді.
Айта кетсек, Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймағында 30-дан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Мұнан кейін Р.Берденов М.Әуезов атындағы ОҚУ-да қаланың белсенді жастары, кәсіпкерлермен кездесті. Еркін форматта өткен жиында жастардың өзекті мәселелері талқыға түсті.
Мәжіліс депутаты қазіргі жастар белсенді болу керек екенін, әрдайым өз ұстанымдарын білдіріп, жаңашылдыққа ұмтылу қажет екенін айтты. Белсенділік деген жауапкершілікті мойынға алу деген сөз.
Іс-шарада жастар тарапынан жатақханалардың аздығы, мотивация алу, ойын құмарлықтан арылудың жолы және тағы басқа сауалдар қойылды.
–Жастармен жиі кездесіп жүрмін. Қазір қоғамда жастар арасында мәселе көп. Кәсіп бастау, қалай мотивация аламын деген сауалдар маған жиі қойылады. Жалпы әр адамның өмірі өз қолында. Мотивацияны да адам өзінен алу керек. Бүгінде жастар, кәсіпкерлердің көп сұрайтыны - салық мәселесі. Бөлшектік салық, қосымша құн салығы. Шымкент қаласы шағын кәсіпкерлік дамыған өңірлердің бірі. Жалпы елімізде шағын кәсіпкерлер саны 2 миллионнан асады. Осыларға жағдай жасауымыз керек, - деді Руслан Арысбекұлы.
Мәжіліс депутаты партия фракциясы аясында жастар, салық жүйесі, экономикалық мәселелерді шешуге атсалысып жатқанын атап өтті. Қала жастарын белсенді болуға шақырып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты Шымкенттегі жеке инвестиция есебінен салынып жатқан жаңа әуежай терминалының жағдайымен де танысты. Мәжіліс депутаты инфрақұрылымдық үлкен маңызды жобаның іске қосылуы басқа салаларға да серпін беретінін айтады. Аралау барысында жеке инвесторлардың мәселелерін, ұсыныстарын тыңдады.
Айта кетсек, жаңа нысанның ашылу рәсімі биыл күз айларына жоспарланып отыр.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.