Шымкенттіктерге референдум барысында сыйлықтар берілді

Воскресенье, 06 Октябрь 2024 05:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 23 раз

WhatsApp Image 2024-10-06 at 09.51.42

Шымкентте референдумге келген дауыс берушілерге ерекше сыйлықтар берілді. Сондай сылықтардың біріне №130 учаскеде алғаш болып дауыс берген Салин Әмірханұлы Ділдәбеков ие болды. Учаске ашылған уақытта алғашқылардың бірі болып келіп дауыс бергені үшін оған дәстүрлі қазақ шапаны табысталды.

Осылайша сайлаушыларға ерекше көңіл бөлу дауыс берушілер арасында мерекелік көңіл күйді қалыптастырып, әрбір азаматтың дауысының маңызды екендігін көрсетеді. Референдум ұйымдастырушыларының сыйлықтары бұл күнді өз елінің болашағын қалыптастыруға белсенді қатысатын шымкенттіктер үшін ерекше етуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.