Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіхалықованың 30 қазан 2015 жылғы өкімімен бекітілген Бес институционалды реформаны, сондай-ақ, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті іске асыру жөніндегі шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша «Болашаққа 100 нақты қадам» медиа-жоспарының 46 тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен «100 нақты қадамның» 27-қадамын іске асыру бойынша инфографика әзірленді. Инфографикада жеке сот орындаушылар институтын әрі қарай дамыту және мемлекеттік сот орындаушыларының санын азайту бойынша нақты кешенді шаралар туралы айтылған. Инфографика заң үстемдігін қамтамасыз ету саласында жүргізіліп жатқан ремормалар туралы халыққа барынша түсінікті тілде жеткізуге ықпал жасайды.