АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Пятница, 17 Март 2023 04:29 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 590 раз

БЖЗҚ салымшылары қызметтердің электрондық форматын қалайды

2023 жылғы қаңтарда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшылары мен алушыларына шамамен 2,6 млн қызмет көрсетті. Оның ішінде 1,6 млн - электрондық форматта, 780,5 мың – автоматты түрде, 60 мыңнан астамы қашықтан кеңес беру түрінде ұсынылды. Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы қызметтерінің 95% қашықтықтан алады.

 

2023 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша ең сұранысқа ие қызмет жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат беру болды. 2023 жылғы қаңтарда 2,4 млн. астам (барлық жүргізілген операциялардың 93,4%) ЖЗШ-дан үзінді көшірме берілді. Оның 1,6 млн (жалпы көлемнің 62,2%) электрондық форматта: enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы немесе ұялы қосымшада, сондай-ақ egov.kz. электрондық үкімет порталында берілген. Тағы 739 мыңнан астам. (жалпы көлемнің 28,8%) үзінді көшірме БЖЗҚ дерекқорында көрсетілген электрондық пошта арқылы хабарлау тәсілін таңдаған салымшылар мен алушыларға автоматты түрде жіберілді. 2023 жылғы қаңтарда деректемелерді өзгертуге 32,4 мыңнан астам өтініш өңделді.

           Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте өз жинақтарыңыз туралы мәліметтерді алудан басқа, олар туралы хабарлау тәсілін таңдауға, жеке деректемелерді өзгертуге, жинақтардың бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аударуға, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге болады.

           Қызметтердің жалпы көлемінің 30,4% БЖЗҚ кеңселеріне тікелей жүгінбей-ақ, автоматты түрде көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол алғашқы жарна түскен кезде Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ, МКЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. Қолданыстағы құжаттың деректемелері және салымшының тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Жыл басынан бері автоматты түрде 23,3 мың ЖЗШ ашылды.

Уәкілетті операторлардан келіп түскен өтініштер бойынша арнайы шоттарға біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару және тағы басқа да қызмет түрлері автоматты түрде жүзеге асырылады. Жыл басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге 8,4 мыңға жуық өтініш қабылданды.

Қашықтықтан қызмет алу мүмкіндігіне қарамастан, Қор мамандарына өзі келіп жүгінгенді қалайтын салымшылар да бар. Сондықтан Қазақстан бойынша БЖЗҚ бөлімшелерінде жүзбе-жүз қызмет көрсету арқылы салымшылар мен алушыларға қаңтар айында 126,5 мыңнан астам қызмет (қызметтердің жалпы көлемінің 4,9%) көрсетілді, оның 107,1 мыңға жуығы тікелей Қордың қызмет көрсету кеңселерінде жүзеге асырылды. Шамамен 19 мың қызметті БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсету бөлімдері – мобильді агенттер мен мобильді кеңсе экипаждары көрсетті. Барып қызмет көрсету барысында түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек ұжымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да өз жалғасын тауып келеді. Жыл басынан бері кәсіпорындар мен ұйымдарда 47 мыңнан астам адам қатысқан 2 мыңнан астам таныстырылым (презентация) өткізілді.

БЖЗҚ Қор салымшылары мен алушыларына сапалы кеңес беру қызметтерін көрсетуге және ақпараттық арналарды дамытуға ерекше назар аударады. 2023 жылдың 1 ақпанына әртүрлі кері байланыс арналары арқылы түскен 60 мыңнан астам өтініш өңделді.

БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боттары) арқылы, байланыс орталығының 1418 нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) бойынша, enpf.kz корпоративтік сайтында, сондай-ақ БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларынан алуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Последнее изменение Пятница, 17 Март 2023 04:41
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.