Шымкенттік полицейлер адасып кеткен жеткіншектерді тауып берді.
Үшінші мегаполистің тәртіп сақшылары үйінен шығып кетіп, адасып қалған екі жасөспірімді ата-анасына табыстады.
Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы полиция департаментінің Қаратау аудандық полиция бөліміне келген қала тұрғындары 5 және 13 жасар ұлдарының үйден шығып кетіп, хабарсыз кеткенін хабарлаған болатын.
Полицейлер тез арада іздеу тобын құрып, қала сыртында адасып қалған екі баланы тауып, ата-анасына табыстады. Тұрғындар дер кезінде көмек қолын созған тәртіп сақшыларына алғыс айтты.