Шымкент қаласы полиция департаменті ескертеді!⠀
⠀
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары соңғы уақытта интернет-алаяқтықтың белең алуы жиілеп барады. Республика бойынша соңғы екі айда Қазақстандықтар 4 млярд теңгесінен айырылған, яғни алаяқтардың қалтасына салып берген.⠀
⠀
Алаяқтардың басым көпшілігі түрлі ақпараттар мен ескертулерді адамның іш-бауырына кіріп, шын мәнінде полиция, әділет органдарының қызметкері, сот орындаушы т.т. болып хабарласып, жеке азаматтың дерек көздері мен есеп счеттарын сұрап, сенімге кіруге тырысады.
Мұндай жағдайда тұтқаны қоя салу қажет.⠀
Қажет болған жағдайда өз банкіңіздің менеджерімен немесе 102-ге телефон шалғаныңыз дұрыс.