18 қызметкердің құқығы қалпына келтірілді

Пятница, 07 Июнь 2024 08:42 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 315 раз

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен «Құтты білік» жобасы аясында Персоналды басқару қызметі қызметшілері мен Әдеп жөніндегі уәкілдерге жұмыс уақытының сақталуына және қашықтықтан жұмыс істеуге қатысты, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау және қызмет көрсету бағытындағы заңнамадағы өзгерістерге түсіндіру бойынша тәжірибелік семинарлар өткізілді.

Семинар кеңес барысында талдау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерге жалпы шолу жасалып, мемлекеттік қызметшілердің құқытарын қорғау бойынша нақты кейстарды шешу арқылы қатысушыларды бұзушылықтарды болдырмау бойынша жұмысқа бағдарлау жүзеге асырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша заңнама талаптарын қатаң сақтау, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылуына жол бермеу қажеттігі қатаң ескертілді.

Бұдан бөлек, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы №121 бұйрығымен Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидалары бекітіліп, ағымдағы жылдың 12 маусымынан бастап қолданысқа енгізілді.

Мониторингтің мақсаты мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режимінің мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауы туралы пікірдің негізді түрде білдірлуі болып табылады.

Осы ретте, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бүгінгі күні бұзушылықтарды алдын-алу шараларын атқаруға, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған профилактикалық жұмыстарды атқаруға басымдық беруде.

Атап айтқанда, Мемлекеттік органдарға бармай жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізудің көзі болып ақпараттық жүйелердегі мәліметтер, мемлекеттік органдардың уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынатын мәліметтері, қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесінің деректері, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар табылады.

Осыған байланысты, қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесінің деректеріне жүргізілген мониторинг қорытындысына сәйкес ағымдағы жылдың 1-тоқсанына қатысты Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдары бойынша үстеме жұмысқа тартылған 18 қызметкер анықталып, Департаментпен анықталған қызметшілерге тынығу уақытын беру туралы тиісті хат жолданып, 18 қызметкердің құқығы қалпына келтірілді.

Бұдан бөлек, 2024 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік органға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу барысында жалпы 17 мемлекеттік әкімшілік қызметші жұмыс уақытынан тыс (жалпы 510 минут) жұмыс орнында анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

Нәтижесінде, Департаментпен қабылданған шаралар негізінде 17 мемлекеттік әкімшілік қызметшіге тынығу уақыты (жалпы 1020 минут) беріліп, құқықтары қалпына келтірілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан мағыналас бұзушылықтарды болдырмауға, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да кеңінен жүргізілетін болады.

 

Ә.ИЗМУХАНОВ,
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаментінің
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
басқармасының бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.