Түркістанда жүргізуші куәлігінің емтиханын тапсыруға болады

Пятница, 19 Август 2022 11:56 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1573 раз

Түркістан облысының тұрғындары 2022 жылдың 22 тамызынан бастап "Turan-Bereke-QZ" автодромының базасында практикалық емтихан тапсыра алады. Автодромда емтиханды бес санат бойынша тапсыруға болады: B, C, CE, C1, D1.

Комиссия мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп практикалық емтиханды қабылдайды.

Емтиханды дүйсенбі – жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Түркістан қаласы,  өктем көшесі, 59 А мекенжайы бойынша тапсыруға болады. Сенбі және жексенбі демалыс.

Ал теориялық емтиханды Сарыағаш және Түркістан қалаларында тапсыруға болады.

Автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу қызметтерін Kaspi және Halyk Homebank қосымшалары арқылы онлайн рәсімдеуге болатынын еске саламыз.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.