КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ БОСТАНДЫҒЫ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ

Пятница, 26 Август 2022 04:45 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1664 раз

konstitutsia

1995 жылдың 30 тамызы Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданған күн. Содан бері әр жылы еліміз 30 тамыз – Конституция күнін ерекше мәртебелі мереке ретінде атап өтеді.

Ата Заңымыз – мемлекеттің әрбір азаматының құқықтарын қорғап, міндеттерін айқындайтын, ел игілігі үшін дұрыс өмір сүрудің бағыт-бағдары бола білген маңызды құжат. Бұл – мемлекетіміздің барлық заңдарының бірлескен тетігі секілді. Яғни, біздің азаматтардың тәртіпке бағынып, адал өмір сүруі алдымен Ата Заң талаптарын сақтаудан басталады.

Конституцияның бізге берері көп, бұл құжатта адам құқығы ең жоғары дәрежеде қарастырылған. Себебі, біздің мемлекет ең алдымен халықтың құндылықтарына аса назар аударады.

Осы орайда, Конституцияның әрбір азаматқа оңтайлы болуы үшін ағымдағы жылдың 5 маусымында Ата Заңымызға өзгерістер енгізу туралы референдум өткізілді. Бұл да жылдар өте келе заман ағымы мен азаматтардың сұранысына негізделген маңызды өзгеріс жасаудың көрінісі.

Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың бәрі өзара байланысты және бір мақсатты көздейді. Атап айтқанда, суперпрезиденттік бас¬қару үлгісі¬нен президенттік респуб¬ликаға түбегейлі көшу, бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу, парламенттің рөлін күшей¬тіп, мәртебесін арттыру, елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту және азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру мақсатында толықтырулар енгізілді.

«Қазақстан Республикасының Консти¬ту¬циясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы республи¬калық баспасөзде бір ай бұрын ресми түрде жарияланды, яғни Конституцияның бұрынғы және жаңа нұсқаларының айырмашылығынан хабары аз адамдарға түсінікті болу үшін Ата Заңның нақты баптары мен тар¬мақ¬тары көрсетілген бірнеше бөліктерге бөлінді.

Жаңа Ата Заңымызда партияға қатысты өзгерістер болып, белгілі билік өкілдеріне партия мүшесі болуға тыйым салынды. Бұл әрекет саяси бәсекені арттырып, барлық саяси партияның дамуына бірдей жағдай қалыптастыруды көздейді.

Енді облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерінің құзыретке ие болу тәртібі де едәуір өзгереді. Жергілікті билікке қатыс¬ты Президенттің өкілеттігі азайып, ол мәслихаттардың рөлін айтарлықтай арттырады. Сонымен қатар, парламенттің рөлі күшейіп, мәртебесі артуда.

Атап өтерлік жай, елімізде айрықша қажеттілік туындаған жағдайда, заң¬дар жедел қабылданатын болады.

Конституциядағы өзгерістер халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, елдің экономикалық қауіп¬сіздігіне қатер төндіретін жағ¬дайлармен күресуге бағытталған.

Бұдан бөлек, елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру мәселелері қарастырылған.

Осы орайда, азаматтарды алда келе жатқан 30 тамыз – Конституция күнімен құттықтай отырып, денсаулық және ел бірлігінің тұтас болуын тілеймін!

Әбдіманап ТӨЛЕБАЕВ,
Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.