Қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына жан-жақты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан, ғасырдан-ғасырға жеткен рухани байлығымыз бен мәдени мұрамызды кеңінен насихаттаудан, дәстүрдің жауһарларын халыққа паш етуден жалықпаған, Қазақстанда теңдесі жоқ, толығымен қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне арналған бірегей орталықтың ашылғанына биыл 10 жыл толды.

dastur

​Жасыл аймақтар өзіне жақын жердегі қаланың демалатын өкпесі іспетті. Қазіргі таңдағы басты мәселе қала халқының жайлы демалуы мен тынығуына қолайлы жағдай жасау.⁣⁣⠀
​Осы мақсатта Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі №133 қаулысымен «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Қала ішінде орналасқан мемлекеттік орман қорының 752 га жер учаскесі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №41 қаулысымен «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орман иелену құқығымен берілді. Қазіргі уақытта мекеме атына рәсімделген жер учаскелерінің жалпы аумағы 3220 га құрайды.⁣⁣⠀
​Мекемеде орман тұқымбағын дамыту қолға алынып өткен жылы күзде және биыл көктемде себілген 8,22 га сеппелерде күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде.⁣⁣⠀
​⁣⁣⠀
Ғалымдардың деректері бойынша жасыл белдеудің екпелері 30 пайызға дейін шаң-тозаңды, сондай-ақ ауадағы көптеген зиянды химиялық заттарды өз бойында сіңіріп, қоршаған ортаны сауықтыруға үлкен әсерін тигізеді. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сондықтан да, орман алқаптарын түрлі қауіп қатерден, әсіресе, өрт қауіпінен аман сақтауды «Жасыл белдеу» мемлекеттік мекемесі орман күзетінің қызметшілері қашан да басты назарда ұстайды. Әсіресе, жаздың ыстық маусымында орман күзетшілері мен мамандары жергілікті тұрғындар арасында, жеке азаматтар мен орманды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде үнпарақтар, нұсқаулықтар таратып, әңгімелер өткізуде, баспасөзде 1 мақала, 4 телеарнада жарияланды. Орман алқаптарының аумағында өрттің таралып кетуін болдырмау мақсатында 157 шақырым көлемде минералдық жолақтарды күтіп-баптау, жаңалау жүргізілді.⁣⁣⠀
​Бұл күндері ауа райының өте ыстық болуынан жасыл белдеу аумақтарында өрттің болу қауіпі өте жоғары болды.⁣⁣⠀
​⁣⁣⠀
Десе де өрт – тілсіз жау. Сондықтан да қаламыздың саясы – жасыл аймақтарды заңсыз ағаштарын кесуден, өрттен сақтауға баршамыз атсалысайық. Ол үшін аумақта болған азамат қолындағы шырпысын, темекінің оты мен шоғын мұқият сөндіріп барып тастағаны жөн. Ағаштың түбінде отырып, от жағуға болмайтындығы туралы қағида талаптарын естен шығармайық.⁣⁣


«Жасыл белдеу» КММ-нің орман өрт сөндіру станциясының басшысы Ахметов Асқар

WhatsApp Image 2024-10-01 at 16.42.15

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ні ұйымдастыруымен қаладағы "Авиценна" жоғарғы медициналық колледжінде «АЭС – еліміз үшін жаңа мүмкіндік» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – жастар арасында атом энергетикасының маңыздылығын түсіндіру, кәсіби бағдар беру және жаңа технологияларға қызығушылықты арттыру болды.

Кезедесуге келген Жастар ресурстық орталығының мамандары колледж студенттеріне «жасыл энергетиканың» және әлемдегі атом энергетикасының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ақпараттарымен бөлісті. Олардың айтуынша колледж студенттері дауыс беру құқығына ие бола алмаса да, қоғамдық пікір тудыруға қауқарлы. Өйткені қоғам белсенді жастардың үніне құлақ асады.

Кездесу барысында жастарға әлемдік атом энергетикасы туралы бейнероли көрсетіліп, елімізде бейбіт атомды дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ жастарға АЭС құрылысы жаңа мүмкіндіктер беретінін атап өтті.

Коледж шәкірттері де талқылаудан тыс қалмай, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық пікірталас тудырды.

WhatsApp Image 2024-10-01 at 16.42.10

Қазіргі таңда әлем мемлекеттері энергия тапшылығын болдырмаудың негізгі тетігін қалыптастыруға атсалысып жатыр. Атом электр станцияларын салып, болашаққа қадам басуда. Ал, еліміздің ертеңі үшін алдағы онжылдықтарда энергия мәселесі өзекті бола түспек. Сондықтан, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдумның маңыздылығы ерекше. Қазан айының 6-шы жұлдызында өтетін референдум оң шешімін береді деген ойдамын. Мәселен, қазіргі сәтте еліміз энергетика секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұр. Энергетикалық кешенді дамыту бағытын таңдау мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына айтарлықтай әсер етеді.

Жалпы, Энергетика министрлігінің болжамдары бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну көлемі артпақ. Осы мәселенің шешімі - атом электр станциясын салу екенін түсінуіміз керек. Атом электр станциясы 60 жылдан астам тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге қабілетті. Атом электр станцияларының құрылысы энергетика мен өнеркәсіп өндірісін әртараптандыруға ықпал етеді.

Атом электр станциясы жобасы жаңа жұмыс орындарын ашып, станция орналасқан аймақта инфрақұрылымның дамуына әсер етеді. Атом энергетикасы ұзақ мерзімді перспективада электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе өнеркәсіпті дамыту және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды.

Бүгінде АЭС салуды қолдау жөніндегі қалалық халықтық штаб мүшелері тұрғындармен кездесуін жалғастыруда. Қаламыз бойынша Штаб қарқынды жұмыстар жүргізуде. Бірлігіміз мықты болса, келешегіміз кемел болмақ. Баршаңызды жалпыұлттық референдумге белсенді қатысуға шақырамын.

Қайрат ИМАШЕВ,
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты,
AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі

d55e945b-683e-4700-8150-0add5c2afd95

Елімізде жыл сайын қыркүйектің алғашқы аптасында Қазақстан халқы тілдері күні атап өтіледі.⠀Атаулы күнге орай Шымкент қалалық сотында «Мемлекеттік тілге құрмет – мәртебелі міндет» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Қалалық соттың төрағасы Әділхан Шайхисламовтың төрағалық етуімен өткен конференцияға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрсұлтан Байтілесов, ҚР Жоғарғы соты судьясы Досжан Сарманқұлұлы, Сот әкімшілігінің мемлекеттік тілдерді дамыту бөлімінің бас консультанттары Бақыт Мухитдинова мен⠀Гүлмира Сәбитова онлайн режимде қатысты.⁣⁣⠀
Сонымен қатар, профессор Құлбек Ергөбек, заң ғылымдарының докторы Қанатбек Досалиев, тарих ғылымдарының кандидаты Баршагүл Исабек, қала прокурорының орынбасары Ержан Маратұлы, – қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Алмас Әмзеев, сондай-ақ, қалалық соттың алқа төрағалары мен судьялары, ардагер судьялар, Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшылары мен орынбасарлары, қаладағы мемлекеттік органдар, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Қалалық соттың төрағасы Әділхан Шайхисламов конференцияның мақсаты қазақ тілінің мәртебесін көтеру, соттардағы қазақ тілінің қолданылу жағдайы, оны жақсартудың жолдары төңірегінде ой өрбітіп, жиналғандарды тақырыпқа қатысты ой-пікірлерімен бөлісуге шақырды.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
«Бір ғасыр бұрын тіл ғылымының негізін салған Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген қанатты қағидасын ана тіліміздің болашағы үшін айтқаны белгілі. Шындығында қазақ тілін өлтірмей, өрісін кеңейтетін осы елдің азаматтары, яғни өзіміз. Сондықтан сіз бен бізді ана тілімізді сақтау мәселесі алаңдатуы керек» деді ол.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Жиында сөз алған Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Байтілесов кейбір заң баптарының аудармасы негізгі мағынадан ауытқып кететінін сөз етті.⁣⁣⠀
Ал, Жоғарғы сот судьясы Досжан Сарманқұлұлы ҚР «Тіл туралы» Заңының баптарына сүйене отырып, нақты дәлелдермен бірқатар жағдайларды түсіндіріп өтті.⁣⁣⠀
Атап айтқанда, Ата Заңымыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi», «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады», «Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн» деген баптарды талдап берді.⁣⁣⠀
«Әдетте, арыз-шағым қазақ тілінде жазылса, оған қосымша тіркелетін құжаттар орыс тілінде жазылады. Оған біздің талабымыз бойынша аударма жасалады. Осы «машақаттан» қашқан кейбір азаматтар шағымды орыс тілінде қабылдайды» деген Досжан Сарманқұлұлы бұл әрекеттің дұрыс еместігін, мемлекеттік тілдің дамуы үшін жалпы қоғамның дамуы керектігін, сондай-ақ, орыс тілінің қазақ тілінің орнына емес, қазақ тілімен тең қолдалынатынын айтты.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Жиында сөз алған профессор Құлбек Ергөбек қазақ руханиятымен, әдебиетімен сусындаған азаматтардың ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен адалдығы ерек болатынын, кезінде Салық⠀Зиманов, Бақытжан Қаратаев секілді білікті азаматтардың заңнан ғана емес, дала дәстүрінен, ұлт тарихынан, әдебиет пен ұлттық философиядан да хабардар болғанын тілге тиек етті. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сондай-ақ, дала заңына⠀орайластырыла құрылған билер институтын еске салды. Қазақтың салт-дәстүрін белден басып кимелеп кірген большевиктік заңның терістігіне көптеп мысал келтірді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
«Кезінде ғұлама ғалым Қаныш Сәтпаев та сот саласында қызмет еткенін білесіздер. Бірде сексеннен асып қалған шалдың үстінен тоқалы арызданады. Сәтпаев сол кездегі заңның ықпалымен қарияға он жыл беруге мәжбүр болады. Сонда әлгі қарт: «Қаныш қарағым, тоқсанға келемін бе, келмеймін бе деп жүрген едім, Құдай бермеген он жылды сен бердің, сол үшін рахмет» деген екен. Ғұлама ғалым сол сөзден кейін соттағы қызметін біржолата тастап кеткен екен» деді профессор.⁣⁣⠀

Жиын барысында ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарған Роза Пак мемлекеттік тілді білу әрбір азаматтың міндеті екенін айтты.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
«Маған кейде бәзбіреулер «қазақ тілінде жақсы сөйлейді екенсіз деп таң қалып жатады. Отаным, мемлекетім, елім Қазақстан болған соң, әрине, қазақ тілін білемін. Мен шәкірттеріме: «Қай ұлттың өкілі болсаң да мемлекеттік тілді білуге тиіссіңдер» деймін.⁣⁣⠀
Бүгінгідей мәжілістер мен жиындар құр сөзбен ғана аяқталмай, нақты нәтиже беріп, елге пайдасын тигізсе екен. Себебі, еліміздің қарапайым азаматынан бастап әрбір қызметкері қазақ тілінің мәртебесін көтеруге үлес қосуы қажет» дейді Роза Пак.

«Таза энергетика» сурет байқауы

Понедельник, 30 Сентябрь 2024 11:59

Хабарландыру

WhatsApp Image 2024-09-30 at 16.19.42Құрметті мектеп оқушылары!

Республикалық мектеп оқушылары арасында «Таза энергетика» сурет байқауы бастау алғанын хабарлаймыз. Құжаттарды қабылдау 2024ж 6 қазанына дейін жалғасады. Жұмыстар келесі жас санаттары бойынша қарастырылады:

• 1 санат - 1 сыныптан 4 сыныпқа дейін;

• 2 санат - 5 сыныптан 8 сыныпқа дейін;

• 3 санат - 9 сыныптан 11 сыныпқа дейін.

Шығармашылық жұмыстар сапалы цифрландырылуы тиіс және «Таза энергетика» тақырыбына сай болуы керек.

Бір қатысушы бірнеше шығармашалықы жұмыс ұсына алады- әр жұмыс бөлек бағаланатын болады.

Шығармашылық жұмыстарды кез-келген техникада жасауға болады (тушь, май, гуашь, акварель, пастель, түрлі- түсті карандаштар, қалам, компьютерлік графика және т.б). Байқауға қатысу үшін қосымша өтінім толтыру қажет. Өтінімді және щығармашылық жұмысты Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына «Таза энергетика» сурет байқауы тақырыбымен жіберуі қажет.

Өтінім үлгісі:

1. Аты жөні;

2. Туған жылы/күні/айы;

3. Елдімекен (ауыл, аудан, қала, облыс) толық жазылу қажет;

4. Электрондық поштасы;

5. Қосымша байланыс телефоны (негізгі телефонға хабарласу мүмкін болмаған жағдайда).

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 8 775 764 8747 нөміріне хабарласуға болады.

1tnwqomk-1 1

Бүгін қаламыздағы "Shymkent Plaza" ойын-сауық орталығында "Қазақстанның атом өнеркәсібі қызметкерлері күніне" орай іс-шара өтті.

Жиынға қаланың оқушы және студент жастары, қала тұрғындары және жоғары оқу орындарының профессор, оқытушылары қатысты. Атом өнеркәсібі бүгінде елдегі ең жоғары технологиялық ғылымды қажет ететін табысты саланың бірі десек, ел ішінде бейбіт атом туралы жағымды түсінік қалыптастыру маңызды.

- Атом саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің мерекелер күнтізбесіне енгізілуі атом өнеркәсібінің елдің экономикалық дамуындағы маңызды рөлін көрсетеді. Бүгінгі іс-шараның мақсаты жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Қаламыздың оқушылары түрлі ғылыми жобаларымен танылып жүр. Сол жастардың еңбектері келешек атом өнеркәсібінің бірінде көрініп жатса, ол бізге жетістік, - дейді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Ақылбекқызы.

Сонымен қатар жиында сөз алған Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ профессоры Халима Сартаева атом өнеркәсібі мен елімізде талқыланып жатқан атом энергетикасының пайдасы мен экономикаға қосар үлесі жайлы айтып өтті.

Жиында мектеп оқушылары ғылыми жобаларымен қатар өнерлерін де көрсетті.

"Шымкент келбеті"

cd3504248a20a4a2efe62da2a745a0ccҚазіргі таңда заман дамыған, әлем үлкен өзгеріс үстінде. Жастардың ойы озық, ұшқыр. Жаңашылдықты, жасампаздықты талап етеді. Бір сөзбен айтқанда құндылықтар мен талаптар жаңаша. Жаһандық өзгерістер мен даму ағымында қатар жүру үшін біздің мемлекет те шешуші қадамдарға бет бұруы қажет. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында АЭС салудың экономикалық және энергетикалық қажеттілігін атап өтіп, елде тұрақты және экологиялық таза энергия көзі ретінде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты.

Қазақстанға әлемдегі басқа елдер сияқты таза энергия қажет. Осы саладағы ең тиімді шешімдердің бірі – атом электр станциялары. Оның бірнеше тиімді тұстарын айтып кетсек болады. Біріншіден, Қазақстанда электр энергиясының тұрақты көзі ретінде АЭС салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге болады.

Екіншіден, атом энергиясы үлкен көлемдегі энергияны үздіксіз өндіре алатындықтан, энергия импортына тәуелділікті азайтады.

АЭС көмір немесе табиғи газ сияқты қазбалы отындарды пайдаланбайды, яғни атмосфераға зиянды газдар шығармайды. Бұл парниктік газдарды азайтуға және климаттық өзгерістермен күресуге көмектеседі. АЭС ұзақ мерзімді перспективада экономикалық тиімді. Бір рет салынған станция ондаған жылдар бойы тұрақты түрде энергия өндіре алады. Уранның аз мөлшерімен көп энергия өндіріледі, ал Қазақстан уран қоры бойынша әлемде бірінші орында тұр, бұл отынның қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Осы тұста көпшілік неге күн немесе жел энергиясын пайдаланбаса деген пікір айтады. Бірақ мамандар ондай энергия көздері тұрақсыз дейді. Күн және жел сияқты жаңартылатын энергия көздері ауытқымалы сипатта болады, яғни олар тұрақты түрде электр энергиясын өндіре алмайды. АЭС жаңартылатын энергия көздерін толықтыратын тұрақты энергия көзі болуы мүмкін.

АЭС Қазақстанның энергетикалық, экономикалық және экологиялық мақсаттарына жету үшін қажет мүмкіндік деп білемін. Ол елдің тұрақты және экологиялық таза энергия көзіне көшуіне ықпал етіп, энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді.

 

Әбдез РАХМАНҰЛЫ
AMANAT партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы

Страница 3 из 903