Биыл Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрына 10 жыл толып отыр.
Осыған орай, облыс әкімі Ж. Түймебаев театр ұжымын мерейтойымен және кәсіби мерекесімен құттықтап, өнер ордасына жаңа «ГАЗель» автокөлігі мен рояль музыкалық аспабын тарту етті.
Өңір басшысы опера мен балет өнеріне халықты көптеп тартудың жолдарын қарастыру қажеттігін, ол үшін рухани саланы дамытуда театр әртістерінің әлеуметтік жағдайын реттеуге барынша қолдау білдіретінін атап өтті.
Өз кезегінде аталған өнер ордасының әртісі, ҚР Мәдениет қайраткері Үралхан Сейілбекова облыс әкіміне Оңтүстіктің өнері мен мәдениетін халықаралық деңгейге көтеру мақсатында өңірдегі мәдениет қызметкерлерін Түркияға жібергені үшін алғысын білдірді.