Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасына конкурстық іріктеу нәтижесінде жаңа басшы тағайындалды.
1963 жылы туған Нұрболат Ахметжанов жоғары білімді концерттік орындаушы, оқытушы, заңтану бакалавры.
1990-1998 жылдар аралығында Павлодар облыстық филармониясында және С. Торайғыров атындағы Павлодар педагогикалық институтында қызмет етті.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін 1998 жылы Павлодар облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып бастаған.
Н.Ахметжанов бұған дейін ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер жұмыстары жөніндегі департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған.