Оңтүстікке жаңа өкіл имам тағайындалды Избранное

Среда, 24 Январь 2018 05:56 Автор  Опубликовано в Дін Прочитано 475 раз

Оңтүстік Қазақстан облысына жаңа өкіл имам тағайындалды.

shymkala 6-1

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, еліміздің бас мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бұйрығымен Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы және облыстық орталық мешіттің бас имамы болып тағайындалды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан мешіт ұжымы мен жамағатқа жаңа өкіл имамды таныстырып, бас мүфтидің бұйрығын оқып берді. Ал осыған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы қызметін атқарған Керімбек Ахметжан Пірәліұлы бірінші наиб имам және іс басқарушы болып тағайындалды. Оның атқарған қызметіне құрмет көрсетіліп, қазақы салтпен иығына шапан жабылды.

shymkala 6-3

46 жастағы Бақтыбай Қыдырбайұлы Оңтүстіктің тумасы. Ташкент қаласындағы Имам Бухари ислам институтын тәмамдаған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің дінтану мамандығы бойынша магистранты, «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің PhD докторанты.

Жұмыс тәжірибесін 1996 жылы Сарыағаш ауданындағы Түмен ата мешітінің бас имамы ретінде бастап, әр жылдары Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак мешітінің бас имамы, орталық мешіттің наиб имамы қызметін атқарған. 2014 жылдың қаңтар айынан бері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі болып келді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.