Қойылымға Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мүлкеманов қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтады.
Жаңа премьераға Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері және мектеп мұғалімдері, мектеп оқушылары, өнер ұжымдарының қызметкерлері қатысты.
Езуге күлкі үйірер шытырман оқиға желісіне құрылған комедия көрермен назарын бей-жай қалдырмайды. Мектеп өмірінің қызықты оқиғалары, ұтымды әзілімен жаныңызды баурап алады. Ересек өмірге қадам басып, есейгенде де жүрек түкпірінде партадағы сол бір аяулы шақтарына деген сарқылмайтын сағынышы қалары сөзсіз. Дәл осы бақытты сәтті басынан өткеріп жатқан мектеп оқушылары үшін бұл қойылым тіпті қызық болмақ.
Айта кетейік, «Сыныптастар» қойылымы 1 сәуірде сағат 15:00-де көрермен назарына ұсынылады.
Гүлнұр СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ