200 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШІ МЕН ҰСЫНЫСЫ ҚАРАЛДЫ Избранное

Пятница, 10 Май 2024 05:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 280 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков алдын-ала жазылған азаматтарды қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын қарастырды. Мәселелердің басым бөлігі тұрғын үй кезегі, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, білім, жер телімін заңдастыру бағыттарын қамтыды.

Kabildau

 

Сонымен қатар қабылдауға кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтар да келіп, жаңа жобалары мен бастамаларын ұсынды. Қала басшысы әлеуметтік маңызы бар ұсыныстармен келген тұрғындарға алғыс айтып, сала басшылары мен аудан әкімдеріне қолдау көрсету бойынша нақты тапсырмалар берді.
Әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 200 тұрғынның арыз-шағымын тыңдады. Ғабит Сыздықбеков азаматтар тарапынан көтерілген әрбір мәселе жіті бақылауда болатынын және заң шеңберінде шешілетінін жеткізді. Сондай-ақ жауаптыларға кері байланысты күшейтіп, өзекті мәселелерді шешуде халықтың пікірін, талап-тілегін ескеруді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.