Шымкент көшелерінің бойындағы жол белгілері жаңартылуда. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар Қазыбек би көшесіне қойылды.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Наурыз Сүгірәлиевтің мәлімдеуінше, арнайы белгі бүгінде іске қосылған.
– Көшеге арналған жолақ қою жұмыстары аяқталды. Жоспар бойынша біз уақытылы бітірдік, – дейді Н. Сүгірәлиев.
Айта кетейік, жол қауіпсіздігі қала әкімі Ғ. Әбдірахымовтың басты назарында. Бүгінге дейін қаламыздағы барлық 126 мектепке жол белгілері қойылған. Сондай-ақ мұндай белгілер «Сайрам» тұрғын алабында, «Асар» шағындаудандарында бар. Биыл жалпы 300 метрге жол жолақтары сызылады.