Жобаның бас мердігері - «Bazis Construction» ЖШС, авторлық қадағалаушы – «Саулет-SKB» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «Акмол Тех Надзор» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.
Қазіргі уақытта нысанда жасыл желектерді қайта отырғызу, газ, су құбырларының орларын қазу, жалпы саны 105 темірбетонды қадалар орнын бұрғылау, арматурамен өрілген қаңқалар орнату және бетон құю жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Темірбетонды қадаларды салудағы мақсат, Қонаев даңғылы бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйден топыраққа түсетін жүктемелерді ұстау болып табылады. Жобаға сәйкес Қонаев даңғылы бойында ұзындығы 540 м құрайтын тоннель салынатын болады.
Бұл да болса жүргіншілердің көшедегі қозғалысының қауіпсіздігі мен қолайлылығына елеулі жағдай туғызатыны ақиқат.